Головкин жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетпек
Головкин жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетпек
06.10.2017 12:14
49
0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетеді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.
Бакуде Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55-ші конвенциясында боксшының промоутері Том Леффлер осылай мәлімдеді.
Геннадий Мехикоға қазан айының екінші жартысында барады. Боксшы мексикалық бизнесмен Карлос Слимнің қоры арқылы зілзаладан зардап шеккендерге ақша аудармақ. Головкин, сондай-ақ, Пуэрто-Рико, Флорида және Хьюстонда қатты дауылдан зардап шеккендерге де көмек көрсетеді.
Естеріңізге салып өтсек, 19 қыркүйекте Мексиканың орталық бөлігінде магнитудасы 7.1-ге тең жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан Пуэбла, Морелос штаттары мен Мехико қаласында ғимараттар қирап, жермен жексен болған еді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісінен 342 адам көз жұмып, 600-і жарақаттанған.

 prosports.kz

0 пікір