Қиындықтарды жеңудің ең оңай жолы
Қиындықтарды жеңудің ең оңай жолы
02.10.2017 14:10
276
0

Қызы әкесіне келіп:
- Әке, мен шаршадым. Менің өмірім сондай қиын. Әрқашан алдымнан қиыншылықтар мен кедергілер шығады да тұрады. Ағысқа қарсы жүзіп келем. Күшім де қалмады, - деп мұңын шағады.
Әкесі тіл қатпастан үш түрлі ыдысқа су құйып отқа қояды. Бірінші ыдысқа - сәбіз, екіншісіне - жұмыртқа, ал үшіншісіне кофе салады. Біраз уақыттан соң судан сәбіз бен жұмыртқаны алып, кофені шыныаяққа құяды да қызынан:
- Не өзгерді? - деп сұрайды.
- Жұмыртқа мен сәбіз қайнады, ал кофе еріп кетті, - дейді қыз.
- Жоқ, қызым. Бұл жай сыртқы көрініс қана. Қара: қатты сәбіз ыстық суда жұмсақ, иілгіш болып шыға келді. Нәзік, сұйық жұмыртқа керісінше, қатты болды. Сырттай қарағанда олар өзгермеген тәрізді. Алайда ыстық судың әсерінен олар ішкі құрылысын да өзгертті. Адамдар да солай. Қиындықтар кезіксе, мықты адам қопарылып, әлсізге айналуы мүмкін. Ал нәзіктер қатайып, беки түседі.
- Ал кофе ше?
- О! Бұл өте қызық! Кофе жаңа жағдайға бейімделіп, яғни ыстық суда толықтай еріп, қайнаған суды хошиісті сусынға айналдырды. Кейбір ерекше адамдар бар, қиын жағдайды оңай әрі жеңіл өткереді де, болған нәрседен пайда мен сабақ алады.
Сондықтан, қызым, ешуақытта Алланың берген өміріне налушы болма. Өмірге сынақ үшін келген құлмыз. Жаратушы берген сый – өміріңді тура жолдан таймай, ізгілікке жұмсасаң, жеңіс сенікі болады.

0 пікір