Біреуге ренжіген кезде осыны есіңізге алыңыз!
Біреуге ренжіген кезде осыны есіңізге алыңыз!
02.10.2017 14:38
3346
0

Бір жігіт досына:
- Сенің өзгелерге өкпе-реніш білдірген кезіңді көрген емеспін. Маған да өзіңдей болуды үйретші, - дейді.
Досы жігіттен картоп пен дорба әкелуді сұрайды.
- Егер де сен біреуге ренжіп, сол адамға ішіңде ыза мен ашуыңды түйер болсаң, бір картопты ал да, дорбаға салып қой.
- Сол-ақ па? - деп таңданады жігіт.
- Жоқ. Сосын осы дорбаны өзіңмен бірге үнемі алып жүр. Кімге ренжісең де бір картоптан қосып салып тұр, - дейді.
Жігіт келісіп, үйіне келеді. Арада біраз уақыт өтеді. Дорба тола бастайды. Тағы бірер айда дорба толып, ауырлайды. Кейбіреулері шіри бастайды. Жігіт досына келіп:
- Мұны енді өзіммен алып жүру мүмкін емес. Қатты ауырлап, картоптарым шіри бастады. Басқа нәрсе айт, - дейді.
Сонда досы:
- Адамдардың жүрегінде де дәл осылай болады. Мұны өздері байқамайды. Біреуге деген өкпе-реніш жүректе жиналып, жараға айналады. Адам да ішінен шіри бастайды. Енді біреуге ренжіген сайын, не біреуді ренжіткен сәттеріңде бұл ауыр жүктің саған керегі бар ма, жоқ па жақсылап ойланып ал, - деп жауап береді.

0 пікір