Мәдениеттің өркениетпен байланысы
Мәдениеттің өркениетпен байланысы
02.10.2017 15:00
49
0

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Бұл - өркениет ұғымы. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің civilis сөзі) бастапқы кезде азаматтық деген мағынаны білдірген.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналары әр кезде әр түрлі тұжырымдалған:
 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)
 2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антикоды (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
 3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)
 4. Өркениет тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи мәдени саты (А. Морган)
 5. Өркениет этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я.Данилевский т.б.)
 6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық, қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мұнан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар.

0 пікір