«Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды
«Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды
26.09.2017 10:39
49
0

 Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалі өз мәресіне жетті. «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған шараның жабылу салтанатында фестиваль жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары қатысқан шараға патриоттық рухты көтеруге арналған 21 фильм ұсынылған болатын. Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының аниматоры Абай Әбілданың «Оттан жаралғандар» фильмі бас жүлдеге ие болды. Жүлделі бірінші орынды Өзбекстан Республикасының аниматоры Дмитрий Власов «Гончар» қиял-ғажайып ертегісімен алса, екінші орынға Түркия мемлекетінен келген Ариф Османоглуның «Теңіз қарақшылары» фильмі лайық деп танылды. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының қатысушылары ағайынды Асанбек, Усанбек Алтынбаевтардың «Первый камень» жəне «Жизнь» туындылары да екінші орын алды. Ал, Алматылықтардың «Мақтаншақ қыз» анимациялық фильмі мен Саха Республикасының қатысушысы Константин Тимофеевтің «Алаа Могус» фильмі және Шымкенттік Аймахан Мұратбековтың «Қазақстан бренді» фильмдері үшінші орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Түркиялық Нуриллах Иениханның «Қожанасыр» фильмі «Үздік телевизиялық жоба», алматылық Сəлімғали Мырзашевтың «Байқоңыр» балалар фильмі «Үздік сценарий», шымкенттік 8 жасар жас дарын София Чмульдің «Мамонтенок ищет маму» фильмдері «Ең жас аниматор» арнайы жүлделерін алды. Алтай Республикасынан келген Анастасия Майжегишеваның «В сердце», Шымкент қаласынан келген Оңласын Бөрібековтің «Әпендінің әлегі», Астана қаласынан келген Салтанат Ерсұлтанның «Арман» анимациялық фильмдері ынталандыру жүлделеріне ие болды.

 inform.kz

0 пікір