«Бұл бұрын болған сияқты» немесе дежавю деген не?
«Бұл бұрын болған сияқты» немесе дежавю деген не?
18.09.2017 13:43
70
0

 Кейде бәр сәт дәл қазір болып жатқан нәрсені бұрын көргендей сезімде боламыз. Мұндай күйді адамдардың 97 пайызы өткерген. Ондай кезде «бұл нәрсе бұрын болған сияқты» дейміз. Неге олай болатыны, әрине, қызықтырады.
 «Дежавю» – француз тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» дегенді білдіреді.
Қазіргі ғылыми зерттеулер дежавю кезінде адамның миында не болатынын көрсетті. Ондай кезде мидың осы шақтың сенсорлы сигналы («бұл қазір болып жатыр») және ұзақуақыттық есте сақтау («маған бұл бұрыннан таныс») деген екі бөлігі бірдей іске қосылады. Есте сақтау бұл уақытта өте белсенді жұмыс істеп тұрғандықтан оның сигналы қабылдаудан аздап озады. Сөйтіп, «болашақты білу» сезімі бірнеше секундқа жылдамырақ пайда болады.
 Осылайша, ғалымдар «дежавю – естің қателігі» деген тұжырым жасаған.
 Ал дежавюдің неліктен пайда болатынына әзірге ғылымда жауап жоқ.

 asylsoz.kz

0 пікір