Ұлттық спорт түрлерінен жарыс басталды
Ұлттық спорт түрлерінен жарыс басталды
05.10.2017 11:46
31
0

Шымкентте ұлттық спорт түрлерінен жарыс басталды. Қазақтың бар баласы серік еткен алты атауы бар асық атыс, және ләңгі тебуден «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен ОҚО біріншілігі басталды. Өңірімізде алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа облысымыздың барлық ауданынан 16 команда қатысуға ниет білдірген.
Бүгін қаламыздағы «Шымкент Плаза» сауда орталығының алдында ұлттық спорт түрлері асық ату мен ләңгі тебуден ОҚО біріншілігі өтті. Мұндай жарыс біздің өңірде алғаш рет өтіп отыр. Асық ату мен ләңгі тебу спортының тарихы өте терең. Кезінде ата-бабамыз ойнаған бұл спорт түрі негізінен орта Азиядан шыққан. Бүгінгі таңда облысымызда жалпы ұлттық спорт түрлерімен 13-мыңға жуық адам айналысады. Бұл дегеніміз, Республикамыздан алғанда 1-ші орында тұрмыз. Ендігі кезекте осы спортты жаңғыртып, жыл сайын дәстүрлі түрде ойнауға сортшылар бармызды саламыз,- дейді. Ұлттық спорт түрін жандандыратын бұл жарысқа облысымыздың барлық ауданынан 100-ге жуық спортшы жиналды. Әр ауднан алты спортшыдан қатысты. Бірі асық атудан бағын сынаса бірі, ләңгі теуіп бес асықтан үздіктерді анықтады.
Асық ойнамаған бала жоқ шығар. Ләңгі теппеген де кемде-кем. Сондықтанда ойын аса тартысты өтті. Ләңгі тебуде ең мықты қатысушы 42 ұпай алса, жарыстан тыс қатысқан басқарма басшысы 45-ұпай алды. Жалпы командалық есеп бойынша: Ләңгі тебуден бірінші орын Бәйдібек ауданы, екінші орын Созақ ауданына бұйырды. Ал, үшінші орынды Қазығұрт ауданы түйіндеді. Асық атуда Бәйдібектен келген Мұса Биболсын қарсылас шақ келмірмеді. Жалпы командалық есепте де Бәйдібек ауданы топ жарды. Сондай-ақ, бес тас ойынында да Бәйдібек ауданы жоғары нәтиже көрсетті. Енді осы облыстық біріншіліктен іріктелген спортшылар қазанның 6-сы күні қаламызда өтетін «Асық ату» спортынан ҚР кубогін сарапқа салады.

 shymkenttv.kz

0 пікір