ОҚО отбасыларының үздігі анықталды
ОҚО отбасыларының үздігі анықталды
29.09.2017 11:25
42
0

 Қазақстандағы әр отбасы – тәуелсіздіктің таймас тұғыры. Ұлттық кодты ұлықтап, «Рухани жаңғыру» жолында жаңа белеске жетуді межелейтін өңірімізде алғаш рет «Біз туристік отбасымыз» пилоттық жобасы бастау алды. Жаңаға жаны құмар біздің өлкенің тұрғындары фестивальге белсене ат салысты. Отбасылық құндылықтарды дәріптеген шара, ұрпаққа тәлімді тәрбиені түйсіндірді.
 ОҚО әкімдігі жанынан құрылған әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Жас туристерстанциясының» бұл бастамасы көптен көкейде сараланып, мезгілі жеткенде аймақтан үздік шыққан отбасылардың басын қосты.
  СәулеӨмірбаева – «Жас туристерстанциясы»МКҚК директоры
 · Президенттің жарлығымен қыркүйектің екінші жартысы отбасы күні мерекеленуі керек дейді. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлының арнайы бекіткен жұмыс жоспары бар әйелдер комиссиясында. Түптің түбінде осы идеяға соқты. Осы идеяның негізі облыс деңгейінде, тіпті республикалықдеңгейде алғаш рет өткізіліп отырған жаңа креативті түрдегі іс-шара.
Тың идеяға толы сайыстың шарттары да айрықша. Шаттық-думан шарпыған бұл күні әкелер сурет салды, отбасымен бірге кедергілерді бағындырып, толқынмен таласа ескек есті. Сондай-ақ, қатысушылардың интеллектуалды зейінін тексеруді көздеген ұйымдастырушылар тарихи-мәдени сұрақтар әзірлеген. Сыннан сүрінбегендер Оңтүстіктегі көрікті мекендерді 2 минутта мозайка да құрастырып қырағылық танытты. Әр сәті мұқият орайластырылған фестивальде сан салада қызмет етіп жүрген 10 отбасы бақ сынасты.

  Исатай Сағындықов – ОҚО білім басқармасының басшысы
· Отан – отбасынан басталады деген дана халқымыз өз сөзі отбасы құндылығының негізі болып табылады. Жанұя-отбасы мемлекеттің ірге тасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Мемлекет саясатының негізгі бағыты – отбасына қолдау көрсету болып табылады. Қазақ қоғамындағы отбасы өмірдің тұтқасы.
 Алуан-алуан жүйріктер жиналған байқауда жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Кіл мықтыдан кім мықтыны саралай келе жеңістің үшінші тұғыры Трапезниковтер мен Күндебаевтарға бұйырды. Жүлделі екінші орын биігінен Тұрысбаевтар отбасы көрінсе, бірінші орынды Оразаливтер қанжығалады. Байқаудың бас бәйгесі гран-при иегерлері болып Қарынтаевтар әулеті танылды. Қатысушыларға құнды сыйлықтар үлестіріліп, облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

 shymkenttv.kz

0 пікір