Жұмыссыздарға арналған тиімді жоба
Жұмыссыздарға арналған тиімді жоба
05.10.2017 11:56
45
0

  Енді шымкенттік жұмыссыздардың жергілікті зауыттар мен фабрикаларда қайта даярлаудан өтіп, тың кәсіпті меңгеруге мүмкіндіктері бар. Қанатқақты жобаға алғаш болып тоқыма өндірісімен айналысатын кәсіпорындар қолдау көрсеткен. Өйткені басқаларға қарағанда дәл осы салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Өндіріс ошақтарындағы маман тапшылығын жоюға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы көмектеспек. Жыл соңына дейін 50 адам осы бағдарлама шеңберінде жаңа кәсіптің қыр-сырын үйренеді. Олар әсіресе тігінші, кептіру, жүн түткіш, жіп орағыш жабдықтарының операторлары секілді мамандықтарды игереді. Бұрын-соңды Шымкентте бұл салада кадрлар дайындалмаған. Өндіріс орындары аумағындағы қайта даярлау орталықтарын ашу – өңірлік жұмыспен қамту және кәсіпкерлер палатасының бірлескен жобасы. Жақында тағы металлургия және ауыл шаруашылығы зауыттарында оқыту курстарын ашу жоспарланған. Жұмыссыздар бір ай теориялық білім алып, қалған екі айда тәжірибелік аймақта шындалады. Осы аралықта мемлекет оларға шәкіртақы төлейді. Қаланың өзінде бүгінде 6 мың адам екі қолға бір күрек таппай, тіркеуде тұр.

  24.kz

0 пікір