«Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтың жарқын кепілі» атты кездесу өткізілді.
«Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтың жарқын кепілі»  атты кездесу өткізілді.
06.10.2017 14:31
36
0

   2017 жылғы 5 қазан күні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Х.Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында 9-11 сынып оқушылары арасында «Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтың жарқын кепілі» атты тақырып аясында кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдіскері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Кездесуге «Шымкент қаласы білім саласы қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Білім беру ісінің үздігі, Шымкент қаласының құрметті азаматы Жүзбаева Набира Жүзбайқызы, Қазақстан Республикасының Президентінің группаласы, ардагер, зейнеткер Спаев Тельман қатысты.

0 пікір